Қостанайда жолаушылар автобусы отқа оранды – видео

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт кезінде қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қостанайда тапа тал түсте жолаушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды alau.kz.

Оқиға 21 маусымда «Аэропорт» шағын ауданында болған. «Вольво» жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Төтенше жайттың видеосын басылым редакциясына куәгерлер жіберіпті.

Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, автобустың қозғалтқышы мен салонының бір бөлігі өртенді. Абырой болғанда, өрт кезінде қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

Өрт жеті минутта сөндірілді, алдын ала себебі – қысқаша тұйықталу. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.



sputniknews.kz