Air Astana компаниясына ірі көлемде айыппұл салынды

0

8 маусым мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Air Astana авиакомпаниясына 6,7 млрд теңге айыппұл салынды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп компания қызметіне тексеру жүргізілді.

Нәтижесінде авиакомпанияның әуе билеттерінің бағасын қымбаттатқаны анықталды. Себебі жолаушылардың билет бағаларының бір бөлігін ұшақ отынын сатып алуға пайдаланған.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

фото: polet.me