Шигео Катсу Назарбаев Университетінен кету себебін айтты

0

Астана халықаралық форумы кулуарында Шигео Катсу Назарбаев Университеті ректорлығы қызметінен неге кеткенін айтып берді.

«Менен барлық кеңесте қалуды сұрады. Мен қамқоршылық кеңесте қала беремін» деді ол.

Tengrinews.kz тілшісінің «неге басшы қызметінен кетуге шешім қабылдадыңыз?» деген сұрағына 13 жыл уақыттың өте көп екенін және өзінің кейінге қалдырған жоспарлары бар екенін айтты.