«Ағзасын қаншаға сатсам болады деп ойланып жүр»: Әйел фильмнен соң қыздарын өлтіріп тастады

0
721

Лас-Вегас қаласының тұрғыны ағза саудасы туралы фильмнен кейін қыздарын өлтіріп тастады. Күйеуінің айтуынша, ол балаларының ағзасын қаншаға сатуға болатыны туралы ойланып жүрген, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Отағасы полиция шақырған кезде екі қыздың мәйіті мен анасы – Аманда Шарп — Джефферсонды (Amanda Sharp-Jefferson) тапқан. Әйел қыздарын суға батырып өлтірген. Полицияда жауап алу кезінде әйел  балалары жоқ екенін айтып, біреу оны шатастыру үшін пәтерге арбаны тастап кеткен деп болжады.

Одан ағзалар туралы мәлімдемелерге түсініктеме беруін сұрағанда, өлген адамдардың ағзаларын сатудан пайда тапқан фильм көргенін түсіндірді. Шарп-Джефферсон қамауға алынды, оған екі кісі өлтіру оқиғасы бойынша айып тағылды.

 

 

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз