«Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы Еркін Ізбасар қайтыс болды
Ақтөбеде бұған дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған «Ағайынды төртеу» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы Еркін Ізбасар қайтыс болды. Бұл жөнінде Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ізбасардың қайтыс болғаны туралы ақпаратты оның жақын досы Бауыржан Нұрмаханов растады. Сондай-ақ ол Еркін Ізбасарды жерлеуге туған-туыстары мен жақындары дайындалып жатқанын атап өтті.
“Ия, бұл таңертең орын алды. Қазір бәрімізге оңай емес. Еркін ұзақ уақыт сырқатпен күресті”, – деді Бауыржан Нұрмаханов.
Еске салайық, 2018 жылдың тамыз айында Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болған. Ол бірқатар айыптармен қоса, соның ішінде қылмыстық қоғамдастық ұйымдастырды деген айыппен сотталған.
2021 жылдың қараша айында Ізбасардың денсаулығына байланысты жазасын өтеуден босатылғаны белгілі болды.