Ағаділ жаназасынан кейін митингіге шықпақ болған белсенділерді полиция ұстады

0
80

27 ақпанда түстен кейін Нұр-Сұлтанда «Астана» концерт залының маңында полиция жиырмадан астам адамды ұстады деп хабарлады оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратқан ҚазТАГ агенттігі.

Бейсенбі күні таңертең Дулат Ағаділдің жаназасына қатысып, түстен кейін осында келген ондаған белсенді Ағаділдің өлімін зерттеу бойынша тәуелсіз комиссия құрып, оның құрамына қоғам белсенділерін кіргізуді талап етпекші болған. Бірақ полиция тіпті митинг жасап үлгермеген адамдарды әр жерден ұстап, автобусқа отырғызған. Олардың арасында белсенді Бибігүл Тұяқова, саясаткер Серікбай Әлібаев бар.

Белсенділер әлеуметтік желіде өздерін Есіл және Сарыарқа аудандық полиция басқармасына апара жатқанын хабарлады.

Азаттық тілшісі полициядан әзірге түсініктеме ала алмады.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq