«Адвокатпен кездестірмей қойды»: Арман Шораевтың қарындасы видеоүндеу түсірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Арман Шораевтың қарындасы Әспет Бекмұрзаева полицейлер ағасын адвокатпен кездестірмей қойғанын мәлім етті. Бойжеткеннің айтуынша, Ұлттық кеңестің экс-мүшесін Қарағандыдан әлдебір жаққа қарай алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Арман

Арман Шораевты 18 сәуір күні Қарағандыдағы тас жолда полицейлер ұстап әкеткен. 

«Арман не себепті ұсталғанын біз білмейміз. Оның телефонын алып қойыпты. Ол, тіпті, өзінің заңгеріне де хабарласа алмаған. Біз отбасымыздың адвокатын ағамды қорғау үшін жіберген едік. Алайда тергеу органдары заңгерді Арманмен кездестірмей қойған», — дейді ол. 

19 сәуір күні Шораевты қаладан басқа жаққа ауыстырылыпты. 

«Біз оны Нұр-Сұлтанға ма, Алматыға ма, қайда алып кеткенін білмейміз. Арманның өмірі мен денсаулығына зиян келмеді деген үміттемін. Ағамның өміріне уайымдап жатқан барша азаматтарға алғыс айтамын. Қазір біз де қатты алаңдаулымыз, түнде ұйықтаудан қалдық», — деді Әспет Бекмұрзаева.

Қазіргі таңда Арман Шораевтың не себепті ұсталғаны жайлы дұрыс деректер айтылмапты. Қарағанды қаласының ПД пікір білдіруден бас тартса, алматылық ПД қоғам белсендісінің желіде жалған ақпарат таратқаны үшін қамауға алынғанын айтыпты. 

 

Атап кетерлік жайт, 2020 жылдың наурыз айына дейін Арман Шораев Ұлттық сенім кеңесіне мүше болған еді. 

 

stan.kz