Бүгіннен бастап қандай кәсіпорындар жұмысқа кіріседі

0

Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 1 мамыры сағат 07.00-ге дейін ұзартылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Алматы мен астанада 20 сәуірден бастап жұмысын жандандыратын кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауы тиіс.

Жұмысқа кірісетін қызмет түрлері

Нұр-Сұлтан қаласында:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;
  • көлік, қоймалау салаларындағы компаниялар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік компаниялар;
  • автосалондар, көлікке техникалық қызмет көрсету станциялары, авто жуу, дөңгелек ауыстыру сервисі, автобөлшектер дүкендері, химиялық тазалау, кеңсе техникасын жөндеу;
    екінші деңгейлі банктер сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін штат санының 50%-ын шектеумен, нотаруистер алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді;
  • қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы тек өзімен алып кету және жеткізу қызметімен сағат 22:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы қаласында:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар;
  • құрылыс және жол-құрылыс салаларының компаниялары, құрылыс материалдарының ірі көтерме базарлары;
  • нотариустер алдын ала жазылу бойынша;
  • тек бизнеске қызмет көрсету үшін халыққа қызмет көрсету орталығының бір бөлімшесі (Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, 347/1).

Еске сала кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай режимі 2020 жылдың 1 мамыры сағат 07.00-ге дейін ұзартылған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз