Адамның басы жоқ. Павлодарда пойыз жаяу жүргіншіні басып өтті
Теміржолдан өтіп бара жатқан ер адамды пойыз қағып кетті. Жәбірленуші алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Дәрігерлердің айтуынша, пойыз астында қалған адамның басы денесінен бөлініп қалған. Марқұмның денесін өтіп бара жатқан адам байқаған. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Апат Шығыс өндірістік аймағында, павлодарлық кәсіпорындардың бірінің теміржол жағасында болды.
«Локомотивтің 60 жастағы жүргізушісі теміржолды кесіп өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Ер адам оқиға орнында алған жарақаттардан қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем тобы оқиға орнына бірнеше минутта жеткен. Алайда дәрігерлер келген уақытта жәбірленуші жан тапсырған болатын.
«Ер адамды жолдан өтіп бара жатқан адам тауып алды. Жедел жәрдем көлігі келген кезде теміржол рельстерінде европалық түрдегі белгісіз адамның денесі басынан бөлек жатқан», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.