Home Денсаулық және сұлулық Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» енді

Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» енді

0
15

19 қаңтардағы деректер бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» кірді.

«Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл басталғалы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа үш өңір, Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы өтті. «Жасыл» аймақтан «сары» аймаққа Алматы мен Қарағанды облыстары өтті.

Осылайша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта үш өңір бар: БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір «жасыл» аймақта», — министр.

Еске сала кетсек, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда жаппай вакцинациялау басталатыны хабарланды.