«Адам алдын ала сезеді деуші еді»: Ләйлә Сұлтанқызы жан жылатарлық жазба арнады
Ләйлә Сұлтанқызы марқұм болған күйеуіне жан тебрентерлік жазба арнады.
– Сенсіз өткен бір жұма…
⠀
Алланың әміріне қарсы тұра алмаймын, білем. «Қабылда, әрі қарай ұмтыл», — дейсіздер, түсінем… Бірақ ойылып қалған жүрегімнің бөлшегінің орны ойсырап тұрғанда, қалай әрі қарай ұмтыламын?!
⠀
Соңғы жүздесуіміз Ыстамбұлға барар алдын еді. «Ләйлә, балаларды алып, 3-4 күнге болса да барып келіңдер. Мен жұмыстан босамаймын, балалар бір демалып келсін», — деп ерекше еміреніп шығарып салып еді…😔
⠀
Әдетте Қайрекем эмоцияға берілмейтін. Сол күні ұлдарды қайта-қайта сүйіп, жүктеріне дейін көтеріп, қол бұлғап ұзақ тұрды…
Демалыстан елге ұшар алдын да қайта-қайта хабарласып, амандығымызды сұрап, үйде күтетінін айтты…Мына сурет пен видео да сол саяхатқа шығарып салып жатқан сәтінен.
⠀
Әдетте адам алдын ала сезеді деуші еді, сезді ме, білмеймін. Сап сау серігімнің жүрегі бір сәтте тоқтады да қалды…
⠀
16 жыл, 210 ай, 7305 күн жанымда болғаның үшін, жадымдағы әр сәт үшін саған алғысымды білдіремін. Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,
сен сияқты мені ешкім түсінген емес. Енді бұл жолы сен туралы жиі айтуыма қарсы болмассың…, – деген жазба қалдырды Ләйла Сұлтанқызы.