20 қараша күні Жезқазғанда автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

0
85

20 қараша кезектен тыс президент сайлауы күні Жезқазғанда жолаушылар қоғамдық көлікте тегін қатынай алады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Жолаушылар автобусы таңғы сағат 6-дан кешкі 20.00-ге дейін жүргіншілерден жол жүру ақысын талап етпейді деп хабарлайды Жезқазған қаласы әкімдігі.

Естеріңізге салайық, Жезқазған тұрғындары президент сайлауында 33 учаскеге барып дауыс бере алады.
Жезқазғанда сайлаушылар тізіміне 59 241 мың адам енгізілген.