Әбжыланмен айқасқан ит өліп бара жатып баланы құтқарып қалды – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Иесіне адалдық танытып, басын қатерге тіккен иттердің жанкешті әрекеті желідегі жұрттың жүрегін елжіретті

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Филиппиннің Кидапаван қаласында бір жасар бала ұйықтап жатқан үйге кірмек болған әбжыланға (кобра) екі ит тосқауыл болды, деп хабарлады Daily Mail.

Такса тұқымды Мокси мен Майли әбжыланға тап беріп, оны тістеп алып, табалдырықтан лақтырып жіберді.

Екі минуттық айқастан кейін жылан өліп тынды. Дегенмен Майли үшін де бұл шайқас соңғы болды – таксаны әбжылан шағып алған.

Тағы оқыңыз: Турист барыс пен кесірткенің айқасын видеоға түсіріп алды

Бұл кезде иттердің қожайындары жұмыста болған. Оларға болған жайтты үйде қалған сәбидің күтушісі айтып берген.

«Қызымды қорғаған иттеріме мәңгілік қарыздармын. Майлиді қатты сағынатын болдық», — деп басылым қыздың әкесінің сөзінен үзінді келтірген.



sputniknews.kz