Абзал Құспан: «Ереуілшілер түскен кезде медбике қызды зорлап тастаған»

0
2022 жылғы қаңтар оқиғасына байланысты негізсіз қудалауға ұшырап жатқан азаматтардың құқығын қорғап, бостандыққа шығару мақсатында құрылған «Аманат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі Абзал Құспан ереуілге шығып, ауруханада медбикені зорлап тастаған қылмыс туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты
«Facebook-ты ашып қарасаңыз барлығын шығарып жіберу керек деген ұранды көресіз. Бұл делитанттық. Материалдардың ішінен көптеген қылмыстарды көріп жатырмыз. Дәлелсіз қамалып жатқан ештеңесіз жоқ, видеокамераға түсіп қалғандар бар. Мысал үшін бір ғана дәйекті айтайын. Бүгін шығарған 11 адамның көзбен көрген. 7-ші ауруханаға жарақатпен түскен кезде, сол кезде ереуілшілер басып кіріп, олардың көздерінше медбике қызды зорлап тастаған. Ол полиция емес, ол ереуілге қатысқан тентек, бұзақы топтардың істеп жатқан қылығы. Егерде біраз мысалды айтып беретін болсақ талай адам түңіліп кетер еді. Өз басымыз шартты түрде екі ұғымды енгізіп жатырмыз. Адал ниеттілер мен арам пиғылдар деп. Адам ниеттілер мен арам пиғылдардың арасын ажырату керек», — деді Абзал Құспан.