Абылай Мырзахметов Боранбаевты бостандыққа шығару үшін ақша сұраған
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Қайрат Боранбаевтың інісіне ағасын бостандыққа шығару пара беруді ұсынған. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы сот отырысында прокурор Бауыржан Шекенов айтты. Прокурордың айтуынша, 2022 жылы наурызда Қайрат Боранбаев ұсталған кезде оның ісін інісі Талғат Боранбаев басқарған. Бұған дейін мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау жүйесінде жоғары лауазымды қызметтерді атқарған Абылай Мырзахметов Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты ақпарат алып отырған.
«Осы жағдайды пайдаланып, Мырзахметов Талғат Боранбаевқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалар арқылы ағасы Қайрат Боранбаевты қамаудан босату және оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тоқтату туралы мәселені шешу үшін пара беруді ұсынған», – деді прокурор.
Прокурор Мырзахметов құқық қорғау органының қызметкері емес екенін және іс бойынша процессуалдық шешімнің қабылдануына ешқандай ықпал ете алмайтынын атап өтті.
«2022 жылғы 2 мамырда Ыстамбұл қаласында (Түркия) Мырзахметов Боранбаевтың ақшасын ұрлау, оны қылмыс жасауға итермелеу мақсатындағы тікелей ниетпен, 30 миллион доллар көлемінде пара беру қажеттігін көрсеткен», – деді Бауыржан Шекенов.
Тергеу мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 10 мамырында Мырзахметов Мәскеуде болған кезінде Талғат Боранбаевқа 30 миллион долларды екіге бөлік, мәселе оң шешілгенге дейін 15 миллион доллар, ал іс шешілген соң тағы 15 миллион доллар аударуды тапсырған.
Сонымен бірге, Мырзахметов Талғат Боранбаевты ақшаны алғаннан кейін Қайрат Боранбаевты қамаудан босату және сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы оң шешім қабылданатынына сендірген. Талғат Боранбаев Мырзахметовтың сөзіне алданып, ағасының қамаудан босатылуын және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тоқтатылуын қалап, 30 млн доллар беруге келіскен.
«2022 жылдың 11 мамырында тараптар арасында жалпы сомасы 6,6 млрд теңгені құрайтын қарыз шарты жасалған. Кейіннен Боранбаев пара ретінде келісілген 15 млн долларды, бұл 6,6 млрд теңгені жауапты мемлекеттік қызметтерді атқаратын адамдарға аударған», – деді мемлекеттік айыптаушы.
2022 жылдың шілде айының соңында, прокурордың айтуынша, Мырзахметов Боранбаевқа ағасына қатысты оң шешім қабылдау үшін тағы 5 миллион доллар аудару керек екенін айтқан. Бұл ақшаны да Боранбаев аударған. Жалпы, тергеу деректері бойынша, Мырзахметов Талғат Боранбаевтан «алдау арқылы» 13,9 миллиард теңге жымқырған.
Фото: tengrinews/Турар Казангапов