Абайлаңыз! Мақсат Үсеновтің көлігінің астына түсіп қалмаңыз

0
94

Мақсат Үсеновтың көлік жүргізу құқығынан шектеу мерзімі аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Алайда ол жаңа жүргізуші куәлігін алуға өтініш берген жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ хабарлады. 

Атышулы Үсеновтің көлік жүргізу куәлігін қайта жасатпай жүруіне не себеп болғаны түсініксіз. Көлік жүргізуден қорқақтап қалды ма екен, кім білсін?!

♦Мақсат Үсенов өлген күнді ұлттық мереке ету ұсынылды

Еске салатын болсақ, Сот Мақсат Үсеновті биылғы жылдың желтоқсан айына дейін 3 жыл 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырған.

«Мақсат Үсенов жол жүру ережелерін бұзғаннан кейін ол көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бірақ оның жаза мерзімі аяқталды. Бірақ ол көлік жүргізу куәлігінің қолдану мерзімі аяқталса да  жаңа куәлік жасатпады», дейді ҚР ІІМ өкілі.

♦«Ат жақсысы – кермеде, Ер жақсысы – түрмеде». Тар қапастағы танымалдар

Мақсат Үсенов осыған дейін не бүлдірді?

  • 2013 жылы BMW X6 автокөлігін тізгіндеген Мақсат Үсенов 6 адамды қағып кетті. Зардап шегушілердің біреуі қайтыс болды. Сот оны 45 күн түрмеге жапты. Кейін екі тараптың келісімімен бұл іс жабылған болатын.
  • 2014 жылы ол тағы бір жол апатын жасады. Mercedes көлігіндегі Мақсат Үсенов қарсы бетке шығып кетіп 38 жастағы әйелдің Toyota RAV4 көлігіне соғысады. Орта жастағы әйел бас жарақатын алған.  Сот Мақсат Үсеновты 20 күн қамауда ұстады.
  • 2017 жылы Мақсат Үсенов «Эйр Астана» ұшағында шу шығарды. Кейін 15 тәулікке қамау орнында жазасын өтеді.
  • 2017 жылдың қыркүйек айында Мақсат Үсенов марихуанамен ұсталды. Кейін ол  453 800 теңге айыппұлмен құтылды.

Бұл бізге белгілісі ғана, беймәлімі қаншама?! Енді оның көлік жүргізуіне ешқандай шектеу жоқ.  Жолда абай болыңыз!

«Қамшы» сілтейді