Мектеп оқушыларының сабақты үлгермеуінің себептері және олармен жүргізілетін жұмыстар

0

Ж О С П А Р

Мектеп оқушыларының сабақты үлгермеуінің себептері
және олармен жүргізілетін жұмыстар.

Кіріспе

І – тарау. Үлгермеушіліктің ғылыми-теориялық негіздері.

1. Тақырыпқа байланысты ғылыми еңбектерге қысқаша шолу.

2. Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері.

3. Үлгермейтін оқушылардың өзіндік типтері.

I I – тарау.
Баланың үлгерімін жақсартуда мұғалім мен ата-ананың іс-әрекеті.
2.1. Педагогикалық баға және оның үлгермейтiн оқушы тұлғасының қалыптасына
әсерi.
2.2.Оқыту процесiнде оқушының үлгерiмi мен ойлау әрекетiндегi өзгерiстер.
Оқуы төмен оқушылардың интеллектуалды әрекетiнiң ерекшелiктерi.
2.3.Іс-тәжірибелік жұмыстың нәтижесі.

Қорытынды
Қосымша әдебиеттер

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы
18 ақпанда жасаған Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.
Біздің болашақтың жоғары техникалық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін
кадрларын қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі
алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз
инновациялық экономика құра алмаймыз.
Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт.
Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті – әлемдік стандарттар
деңгейінде білім беру. Ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемде
танылуға тиіс. Олар мұны істеуге міндетті.
Біздің әрбір қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы кепілдік
беруіміз керек.
Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан біздің 2008 жылдан бастап 12
жылдық жалпы орта білім беруге көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін,
оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек.
Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені дауссыз. Оны жүзеге
асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады.
Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез келген жеріне барып
қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.
Бұл күндері елімізде жалпы орта білім беру ісін 12 жыл оқытуға
көшіру мәселесі қолға алынып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылдың 27 шілдесіндегі № 839 қаулысымен 12 жылдық білім
беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы республикалық
мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны құрылды (бұдан әрi Орталық). Бұл Орталық
қазiр iздену экспериментiн жүргiзiп, 12 жылдық оқуға көшудiң оқу-
нормативтiк, методологиялық, оқу-әдiстемелiк негiздерiн жасау үстiнде.
Қазақстан Респубикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 12 жылдық
бiлiм беруге өтудiң эксперименттiк жұмыстарын ұйымдастыру туралы 2002
жылғы 23 тамыздағы № 524 бұйрығы бойынша 20032004 оқу жылынан бастап,
елiмiздiң 56 жалпы орта бiлiм беретiн мектептерiнiң (олардың 26 қазақ, 7
аралас мектептер)1-сыныптарында оқыту экспериментi басталуда. 1-сыныпқа
жасы 1-шi қыркүйектен 6-ға толған балалар ата-анасының өтiнiшiмен
қабылданады. Сондықтан бұл күндерi Орталықтың басқаруымен үлкен ғылыми-
зерттеу жұмыстары жүргiзiлiп, 1-сынып үшiн сынақ оқу бағдарламалары,
оқулықтары және оқу-әдiстемелiк көмекшi құралдар дайындалу үстiнде.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан
өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың
алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің
ауқымды міндеттерітұр, оның жүйесінің негізгі ұстанымдары “Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында”
көрсетілген.
Мақсаты- әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке
тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз
білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы
стратегиялық басымдықтарды белгілеу.

1. Мектеп оқушыларының сабақта үлгермеу себептері.

Мектептегі қиындықтар психиканы жарақаттайтын фактор ретінде көрініп,
оқушының эмоционалды жағдайының өзгеруіне әкеп соғады. Мектеп өміріндегі
кез келген қанағаттанбаушылық біртіндеп оның үлгеріміне әсер етіп, жүйке-
психологиялық денсаулығының төмендеуіне әкеледі.
Баланың мектепке келгенде ерекше өзгешелігі оның мінез-құлқында
көрінеді. Сондықтан бейімделу процесін зерттеу үшін бағытталған бақылау
әдісін қолдандым. Осы мақсатпен баланың мектептегі іс-әрекетінің әр түрлі
аспектілерін бейнелейтін бақылау схемасын өңдеп шығардым. Онда: оқу
белсенділігі, білімді меңгеруі, сабақтағы, қоңыраудағы мінез-құлқы,
сыныптастары және мұғаліммен қарым-қатынасы, эмоционалды көріністері
анықталды. Жаңа орта талаптарына бірінші сынып оқушысының мінез-құлқының
сәйкес келу жетістіктері икемделудің нәтижелілігінде көрініп, бейімделу
мерзімін белгілейді.
Алынған материалдың талдауы балаларды үш топқа бөлуге мүмкіндік
береді. Бірінші топ құрамында отыз төрт оқушы бар, бейімделу аз уақытта
және шиеленіссіз өтті. Олар үшін интеллектуалды қызметтің жақсы дамуы мен
мектептік тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Бұл топтағы балалардың
көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілдігімен, адалдығымен,
эмоционалдылықтың бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің
жоғарылығымен сипатталады. Ал екінші топқа отыз сегіз бала бейімделудің
кешеуілдігімен бөлінеді. Психологиялық тексерулер жүргізгенде, оларда
жағымсыз тұлғалық қасиеті бар екендігі белгілі болды: алаңдаушылық,
шиеленіс, өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі. Осы топтағылардың жартысынан
көбінде интеллектуалды қызметі динамикасының бұзылулары бар болды. Үшінші
топта оқу жылының соңына дейін мектепке бейімделмеген жиырма сегіз бала
бар. Оларда сабақ үлгерімі төмен, жаман жұмыс жасауы, өзіне сенімділігінің
жоқтығы, алаңдаушылық, шиеленіс, яғни эмоционалды дискомфорт байқалды. Осы
топтың бір бөлігі жоғары моторлы қозғыштықпен, танымдық қызығушылықтың
төмендігімен сипатталды.
Негізгі көңіл мектепке бейімделу қиындығын сезінген бірінші
сыныптағыларға (2-3-топтағы балалар) бөлінеді. Зерттеулер көрсеткендей,
онтогенез процесінде балаға әсер ететін әлеуметтік және биологиялық
жағымсыз факторлардың болуымен, әр түрлі қиындықтардың себебі болып
көбінесе психологиялық дамудың жетіспеулігі екендігі белгілі болды.
Үлгермеушілік – оқушылардың білім мазмұнын игеру деңгейінің оқу
бағдарламасында көзделген деңгеймен салыстырғанда неғұрлым төмен болуы.
Үлгермеушілік – одан әрі оқытуға кедергі болады, бір сыныпта екі жыл
оқуға апарып соғады.
Білімнің мазмұнына білімдер, біліктер мен машықтар ғана емес
(бұлардың игерілу деңгейін балдық шкала бойынша біршама дәл бағалауға
болады), сонымен қатар бағалауға келмейтін шығармашылық қарекет тәжірибесі
мен тұлғалық қатынастардың қалыптасуы да кіретін болғандықтан,
үлгермеушілікті қанағаттанғысыз бағалармен теңестіруге болмайды.
Үлгермеушіік оқушылардың жалпы мәдениеті мен тәрбиесіндегі елеулі
кемшіліктермен байланысты неғұрлым кең көлемді құбылыс.
Үлгермеушілік мектептегі оқытуды дараландыру үшін жағдай жасаудың
қиындығынан туындайтын, қазіргі мектептің ең өзекті проблемаларының бірі.
Артта қалушылықтың кейбір ортақ белгілерін саралауға болады (бұл
белгілер дидактикада оқу пәндері типтері бойынша топтастырылған).
Мұндай диагностика үшін сауалнама жүргізудің, оқушылардың сабақтағы
жұмысы мен эмоциялық реакцияларын бақылаудың әр түрлі әдістері қолданылады.
Кейін қалушылық байқалғанда, мұғалім оқушыға жеке консультациялар беріп,
топтармен қосымша сабақтар өткізіп, жақсы оқитындардың жәрдемін
ұйымдастырып көмектесе алады. Мұндай көмекпен қатар, мұғалім кейін
қалушылыққа себеп болған жағдайларға талдау жасайды. Алайда, мұндай
жағдайлар оқушы тап болатындай қиыншылықтарға педагог тарапынан жете назар
аударылмауының салдарынан да болуы мүмкін. Көптеген оқушылардың артта
қалушылығы саралап оқытудағы кемшіліктерден, оқушылардың мүмкіндіктері мен
мүдделерінің жете ескерілмеуінен, бағдарламалардың мазмұнының көлемі мен
күрделілігінің оны игеруге бөлінетін уақытқа сәйкес болмауынан туындайды.
Мұғалімнің жұмысында бұған себеп болатын жағдайлар оқыту әдістемесінің
босаңдығына, оқытуда қолданылатын ұйымдастыру нысандарының
бірсарындылығына, оқышылардың шығармашылық күштері мен танымдық мүдделерін
дамытуға көңіл бөлінбеуіне, сондай-ақ педагогтің білігінің жетімсіздігіне,
кейбір жағымсыз қасиеттеріне байланысты болады. Үлгермеушілікті оқышыларды
зерделеу, олардың қызметіне талдау жасау, үлгермейтін оқушылар типологиясын
саралау негізінде жеңуге болады.
Бұған арналған педагогикалық әдебиетте үлгермеушіліктің себептерін
талдауға және жіктеуге барынша назар аударылған. Үлгермеушілікті жою үшін
жекелеп оқыту сабақтары, оқу тапсырмаларын жеке-жеке кезеңдерге бөлу,
сауалнаманың ерекше шарттары, қосымша сабақтар қолданылады.
Сондай-ақ 2-3 пәннен жылдық бағалары қанағаттанғысыз оқушыларды
келесі сыныпқа шартты түрде көшіру қолданылады. Бұл шара оқудың нәтижелері
үшін оқушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының жауапкершілігін
арттыруды көздейді. Шартты түрде көшіру сыныпта екінші жылға қалушыларды
азайтуға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік тәжірибеде екінші жыл оқу оқушыға
пайда бермейтінін, жастардың жалпы білім деңгейін төмендетіп, құлықтық
тәлім-тәрбиеге зиян келтіретінін көрсетеді.
Зерттеулер мектептегі үлгермеушілік себептерінің үш тобын анықтады:
1. Әлеуметтік-экономикалық – отбасының материалдық жағынан
қамтамасыз етілмеуі, отбасындағы жағдай, яғни алкоголизм, ата-
аналардың педагогикалық жағынан сауатсыздығы, білімсіздігі.
Балаларға жалпы қоғамның жағдайы, бірақ көбінесе отбасы жағдайы
үлкен әсер етеді.
2. Биопсихологиялық – бұл тұқымқуалайтын қасиеттер, мүмкіндіктер,
мінез-құлық ерекшеліктері. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, тәрбие
және отбасы жағдайы, әлеуметтік ортаға байланысты денсаулықтары
жақсы болып туған сәбилердің барлығында даму мүмкіндіктері
бірдей.
3. Педагогикалық – мектептің жұмыс деңгейінің төмендігінде
педагогикалық орынсыздық қателердің нәтижесі болып табылады.
Оқыту, мұғалімнің кәсіби әрекеті, баланың дамуында жетекші
фактор.
Зерттеулер арқылы оқу процесі барысындағы нақты үлгермеушілік
себептерін атап өтуге болады:
– қатаң түрде білім беру жүйесі, баланың қажеттілігіне сай келмейтін,
барлығына бірдей білім мазмұны;
– оқыту формаларын, әдістерін таңдаудағы бірізділік, білім беруде көңіл-
күйді ескермеу;
– оқытудың нақты мақсаттарын белгілей алмау және қорытындыларға тиімді
бақылаудың болмауы.

Тұрақты түрде жоғары үлгерімдегі оқушылар арасында психологиялық
зерттеу жүргізу нәтижесінде, бұл балалардың өздерінің жеке ерекшеліктері
бар екені байқалады. Олардың өз жасына сай білім қоры мол, білім құрылымына
кіретін ой-өрісінің сапасы жоғары. Осылардың нәтижесінде олар жаңа алған
білімдерін жылдам, тез меңгере алады және ол білімдерді іс жүзінде
өздігінше қолдана алады. Көбінесе үлгерімі жоғары оқушылар өзін-өзі жақсы
бағалайды, кейбір жағдайда мектептегі жоғары жетістіктері мен қоршаған
ортаның мақтауының нәтижесінде өзі-өзін асыра, жоғары бағалау да кездеседі.
Мұндай оқушылар басқаларға қарағанда белсенді ой еңбегінен аз шаршайды. Осы
жағымды факторлардан бәрі бірігіп, оларға үлкен жетістіктерге жетуді
қамтамасыз етеді.
Тұрақты түрде үлгерімі төмен оқушылардызерттей отырып басқаша
мәліметтер алынды. Бұл жерде дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі
байқалды. Олар таным компонеттерінің қалыптасуының әртүрлі деңгейіне
байланысты, яғни бұл артта қалудың әртүрлі себептері бар екенін көрсетеді.
Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі
қалыптаспаған, білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған.
Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің
себептерін анықтау қажет.
Таным әрекетінің нәтижелілігі – ақыл-ой әрекетінің даму дәрежесіне
байланысты. Оның негізгі компонеттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен
болуының басты себебі болып табылады.
Компонеттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына
байланысты артта қалу түрлі болып бөлінеді: Педагогикалық жағынан назардан
тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда
әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет
етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін
қолға алу керек. Мектепке дейінгі балалармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу
сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әртүрлі
дидактикалық және рольдік ойынды қолдануға болады. Көп назарды балалардың
сөйлеу қабілетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға аудару
керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттаырықты зейін мен ырықсыз есте
сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу
жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.
Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл
сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық
аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне
алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-
педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез
көнгіш болып келеді.
Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін
белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге
бағытталуы керек.
Қазіргі мектептерде балалардың есту, көру, қозғалыс анализаторларын
дамытуға аз уақыт бөлінуде. Сондықтан практикалық интелекті балалар өз
ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға (ән айту, спортпен
шұғылдану, сурет салу т.б.) арналған.
Көптеген психологтар мен оқытушылар оқу үрдісінде (проблемалық қиын
ситуациялар құру) танымдық процестердің дамуына ғана көңіл бөлу жеткіліксіз
деген шешім шығарды, сонымен қатар арнайы жаттығулар, тренингтер, ойын
сабақтарын ұйымдастыру арқылы олардың ойлау процестерін, қиялдау, сете
сақтау сияқты таным тәсілдерін жетілдіре түсу керектігіне көп көңіл бөлген.
Осы жұмыс процесінде бағыт бойынша кейбір жаңа тәжірибелер
жинақталып, көбіне жеке сұрақтар арқылы ойын сабағын ұйымдастыру осындай
тренингтің тиімділігін айқындайды.
Оқушылардың таным процестерінің қалыптасуында түрлі жағдайлар
кездеседі. Балалардың кейбірі ойын кезінде, бір-бірімен қатынас кезінде
ақылды және аса тапқыр келеді де, ал сабақта, практикалық жұмыста, үй
тапсырмасын орындауда оқу-танымдық іс-әрекетіне өте шорқақ болып шығады.
Мұндай балалардың психологиялық диагностикасын мұқият қараған кезде таным
процесінің құрылымында ешқандай ақау байқалмайды, бірақ оқу-таным
әрекетінде толық қызығушылығына эмоционалды жеке бастық коммуникативті
қиындықтар кедергі келтіретіні байқалады.
Олар сабақ кезінде ғана емес, таным процесіндегі ойын, тренинг
кезінде өзін көрсетуіне және ары қарай дамуына кедергі келтіреді, мұндай
балалар сөйлемегенді, мүмкіндігінше үндемей құтылғанды жөн көреді, жиі ойын
тапсырмаларынан бас тартып

Үлгермейтiн оқушылардың өзiндiк типтерi.

Жеке оқушының әрбiреуiнде үлгермеушiлiктiң шығу тарихы сан алуан,
оның тұлғалық белгiлерi және қоршаған ортадағыларымен қарым-қатынасындағы
ерекшелiктерiне байланысты болып келедi. Үлгермейтiн оқушылардың типтерiн
бөлiп қарастыруға болады. Оқушы үлгермеушiлiгiнiң типiн анықтау тек
теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар практикалық жағынан да алғанда
ең маңызды мәселе деп қарастыру қажет. Сонда ғана үлгермеушiлiктi болдырмау
және алдын алуа болады.
Кеңес психологары ең алғашқы рет осы мәселеге үлкен мән берiп
зерттеген.
П.П.Блонский өзiнiң Қиын оқушылар атты еңбегiнде үлгермейтiн
оқушыардың типтерiн физикалық және психикалық даму ерекшелiктерiне
байланысты бөлiп қарастырған. Блонский оқушылардың үлгермеушiлiгiнде
физикалық әлсiздiктi бiрiншi орынға қойған едi.
Үлгермейтiн оқушылардың типологиясы бойынша құнды материал
Л.С.Славинаның Үлгермейтiн және тәртiпсiз оқушыларға жеке ықпал ету
кiтабында бар. Бұл еңбекте үлгермейтiн оқушыларың топтары, үлгермеушiлiктiң
негiзгi себебi анықталған.
Л.С.Славина үлермейтiн оқушылардың бес тобын көрсеткен.
1. Оқушыларды оқуға деген ықыласының болмауы
2. Материалды қиындықпен игеретiн оқушылар
3. Оқу процесiнiң дағдылары мен түрлерi қалыптаспаған оқушылар.
4. Еңбек ете алайтын оқушылар
5. Танымға, оқуға деген ынталары жоқ оқушылар.
Үлгермейтiн оқушылардың типтерiн анықтауда оқушылардың әртүрлi
өзiндiк жақтары бiрi-бiрiмен өзара тығыз байланысты болып келедi.
Үлгермейiн оқушы типтерiнiң ерекшелiктерiн бiрнеше белгiлерiмен анықтауға
болады.
Бұл мәселенi шешу үшiн ұзақ уақыт бойы бiрнеше пәндерден үлгермейтiн
5-8 сынып оқушылары зерттеуге алынды. Ұзақ бақылау зерттеудiң негiзгi әдiсi
болып табылады. Зерттеуде оқушының мектептегi, сабақ уақытындағы
енжарлығымен ғана шектелмей, оның сабақтан тыс уақыты да зерттелдi. Бұл
сабақтарда оқушылардың оқу материалымен қалай жұмыс iстейтiндiгi, қандай
игеру тәсiлдерiн қолданады және бiлiмдi нақты игеру қандай жағдайда
болатындығы анықталды.
Оқушыларды зерттеу үшiн эксперименттiк әдiстемелер қолданылды.
Үлгермейтiн оқушыларың ойлау процесiн зерттеу үшiн оқу материалына
байланысты құрылған эксперименттiк тапсырмалар ұсынылды.
Арнай эксперименттiк әдiстемелердiң көмегiмен оқушының есте сақтауы
және қабылдауы зерттелдi. Көмекшi әдiстемелермен оқушының сыныптағы
ұжыммен қарым-қатынасы, әңгiмелесу әдiстерi, сонымен қатар оқушыларға
шығармалар берiлiп, талдау жасау талап етiлдi.
Үлгермейтiн оқушылар үшiн өзiн-өзi ұйымдастырудың әлсiз болуы тән.
Олар өздерiнiң психикалық процестерiн (қабылдау, есте сақтауы) басқара
алмауы, оқу тапсырмаларын шешуде ойланғысы келмеуi. Бұл оқушылар белсендi
ойланбау үшiн әртүрлi жолдарды iздестiредi, ақыл-ой жұмысынан алшақ болғысы
келедi. Зерттеу барысында, бұл балаларда патологиялық жағынан психикалық
функциялары зақымданбағаны анықталды.
Зерттеуде балаларға сөздер мен сандар берiлiп есте сақтау ұсынылды,
бұл тапсырманы орындауда үлгермейтiн оқушылардың есте сақтау процесi, жақсы
оқитын оқушылардан өзгеше ерекшелiнбейдi.
7 үлгермейтiн және 7 үлгерiмi бар оқушы салыстырылды. 20 сөз және 20
санның iшiнен үлгермейтiндер орташа алғанда 7 сөз және 5 санды, ал
сәйкесiнше үлгерiмi бар оқушылар 7 сөз және 6 санды есте сақтай алды.
Мәтiндi есте сақтау ұсынылғанда мүлде басқаша нәтиже алынды.
Үлермейтiн оқушылар есте сақтаудың ұтымды жақтарын қолдана алмады. Олар
мәтiннiң мазмұнына мән бермей, мәтiнде баяндалған 16 ойдың iшiнен тек қана
6 және 8-iн ғана есте сақтай алды.
Бурдон тестiнiң көмегiмен осы оқушылардың қабылдауын тексеруде,
оларды және жақсы оқитын оқушылардың қабылдауы бiрдей деңгейде екенi
байқалды.
Бұл тапсырмада үлгермейтiн оқушылар 7 қате, ал жақсы оқитын оқушылар
8- қате жiбердi.
Экспериментте анықталғаны, екi топ арасында айырмашылықтар бар.
Мысалы, үлгермейтiн оқушылар жұмысының темпi, жақсы оқитын оқушыларға
қарағанда баяу болып келедi.
Үлгермейтiн оқушылардың есте сақтауы және қабiлетiнiң төмен
көрсеткiштерi психикалық процестегi қандай да бiр патологиялық өзгерiстерге
әсер етпейдi, оқушылар оқу процесi барысында қажеттi бiлiм және дағдыны дер
кезiнде қолдана алмайды.
Үлгермейтiн оқушыларды типтерге ажыратуда, олардың тұлғалық негiзгi
екi комплексi анықталды:
Бiрiншiсi – ойлау әрекетiнiң ерекшелiктерi
Екiншiсi – оқушының оқуға деген iшкi позициясын көрсететiн
тұлғалық бағдары

Үлгермейтiн оқушылардың бiрiншi типi

Бұл оқушыларда кейбiр жалпы ұқсастықтар бар. Оқу үлгерiмдерi төмен.
Оқу материалын игеру олар үшiн қиындықтар туғызады.
Олар бiрден Мен тапсырманы орындай алмаймын немесе Маған қазақ
тiлiнде оқу өте қиын т.б. пiкiрлерiн айтады. Осы позициялар оқушының
позициясын сақтайтын және оқуға деген талабы бағытының қалыптасуына керi
әсерiн тигiзедi.
Оларға таным мүмкiндiктерiнiң болмауы тән. Болашақтағы жоспарларын,
армандарын оқумен байланыстырмайды.
Үлгермейтiн оқушылардың бiрiншi типiнiң құрамы бiр тектi емес, оның
екi тобы бар.
Екеуiне де мына белгiлер тән:
1. Оқушылардың оқуға деген сәтсiздiк жағдайлары
2. Келешекте белгiлi бiр қызметке бағытының болмауы
Бiрiншi тобына практикалық қандай да бiр қызметтiң көмегiмен. оқу
процесiндегi сәтсәздiктерi ие болатын оқушылар жатады. Ол қызмет баланың
ойлауында қандайда бiр iз қалдырады. Тапсырманың шарты, шешу жолдарын
анықтауда әлсiз ойлаудың болуы. Осы тенденция арқылы баланың оқу қызметiнде
кейбiр сәттiлiктерге жетуге жол берiледi.
Оқу материалын игеу олар үшiн қиындық туызады. Ол талдау процесiнiң
әлсiз болуы. Осы типке жататын оқушылардың iшiнен бiреуiн алып
қарастырайық:
Қайрат, 5 сынып оқушысы, 12 жаста.
Қайрат ойлау қабiлетi жақсы балаға ұқсайды.
Сабақтарда тыныш отырады. Көбiнесе қолы көтерiп жауап бередi.,
бiрақ көп жауаптары дұрыс емес.
Қайрат екiншi ауысымда оқиды, үй тапсырмаларын кешке орындайды.
Үйде 5-6 сағат дайындалады. Бiрақ ол математика және орыс тiлiнен қалып
қояды, ауызша пәндердi меңгеру ол үшiн қиындық туғызады.
Ол жанұяда ең кiшiсi. Ағасы Марат – 7 сыныпта оқиды, ол да
үлгермейтiн оқушы. Сабаққа олар бiрге дайындалады. Қайраттың оқу қызметiн
талдау барысында, оқу материалын меңгеру қиындығы және оқу қызметiнiң
төмен сапасы анықталды. әрбiр пән бойынша зерттелдi. Оқу қиын болғанмен де,
ол нақты мағынасына түсiнуге тырысады.
Екiншi топ – бұл оқушылар оқу процесiндегi барлық қиындықтардан алшақ
болғысы келедi. Олар оқу процесiнде кейбiр сәттiлiктерге жету үшiн оқушының
тәртiп нормаларына жатпайтын iс-әрекетке икемдi болып келедi (көшiрiп алу,
айтылғанды қайтлау т.б.)
Олар тек қана оқу қызметiн ғана емес, басқа да қызметтерден алшақ
болғысы келедi. Келешектегi қандай да iске, қызметке деген бағыт-бағдары
бұл оқушыларда жоқ деуге болады. Сыныптағы кейбiр оқушылар өз күштерiне
сенбей бағаларын төмендетсе, бұл оқушылар өздерiн жоғары бағалауға
тырысады.

Үлгермейтiн оқушылардың екiншi типi
Бұл оқушылар мектепке жақсы дайындықпен және жақсы оқимын деген
тiлекпен келедi. Бiрақ, оқу қызметiнде олар тек өздерiне ұнайтынымен ғана
айналысқысы келедi, бұл оқушының дамуына керi әсерiн тигiзедi. Оқу
процесiнде өзiн-өзi ұйымдастыру, бұл оқушыларда мына пән ұнайды ма, әлде
басқа пән ұнайды ма деген пiкiрлерге байланысты болып келедi.
Бұл оқушылардың өз-өзiне баға беруi тұрақты емес. Ол оқушының
өмiрлiк позициясына байланысты.
Бұл типтiң бiрiншi тобындағы оқушылар мектептегi оқу процесiмен
байланысты емес интеллектуалды қызметпен айналысады. Оқу олар үшiн толы
сәтсiздiктер. Мысалы, қызықты физика немесе тарихи романдар оқып, тек
физика және тарих пәндерiмен айналыса алады.
Кейбiр оқуылар оқу пәндерiнiң кейбiреуiнен жетiстiктерге жете алады,
бiрақ ол оқушының оқуға, мектепке деген терiс қылығын жоя алмайды.
Екiншi топтағылар тәртiптi бұзады және мектептен тыс орындарда
өздерiн тәртiптi ұстай алмайды. Осы оқушыларды зерттеу үшiн сауалнамалар
ұсынылды. Сауалнамаға әртүрлi мектептен тоғыз оқушы қатысты. Сұрақтадың
бiр тобы арқылы олардың ойлау қабiлетi ерекшелiктерiнiң қандай екендiгi,
яғни қандай жеке пәндерден бiлiмдердi игеруде жеңiлдiк байқалады.
Сауалнама сұрақтарының екiншi бөлiгi арқылы оқушылардың бағыт-бағдары
анықталды. Олардың оқуда, мектептен тыс уақыттағы қызметтерi зерттелдi.
Оқушының өзiн-өзi бағалауын анықтау үшiн сауалнамада жанама түрдегi
сұрақтар қойылды. Сауалнама мазмұнынан мысал:
1. Қандай оқу пәні сен үшін … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз