«Абайдың әрбір екінші поэзиясының артында шешеңді сі**ейін деген сөз тұрады» — актер

0

Танымал театр және кино актері Нышанбек Жұбанаев журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Ұлы Абайдың өлеңдері туралы өз ойын айтты. Бұл туралы kznews.kz сайты Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Нартай Аралбайұлы актер Нышанбек Жұбанаевқа ерекше сұрақ қойды.

«Мен сіз сомдаған рөлдердің ішінде таң қалған дүнием болды. Ол «Sheker» сериалына қатысты. Қараңызшы, Қуат жалаңаш қызды тізесіне отырғызып сипалап, құшақтап отырады да: «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл», — деп Абайды оқиды. Ойлаңыздаршы, тағы біреуінде Абайды бастайды «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да», — деп ескірткіні тартып жіберіп «Ай, сука, ал», — дейді. Қалай, Хакім Абай мен боқтық сөзді қатар қойдыңыздар? Не үшін? Мұнымен не айтқыларыңыз келді?», — деді журналист.

Актер бұл сұраққа былай жауап берді.

«Бір рет Абай туралы спекталь қойдық, осыдан бастайық. Ол Мұхтар Әуезовтың «Абай» пьесасы емес. Ол Иран-Ғайыптың «Мен ішпейтін у бар ма?», — дейтін Құнанбай атамыз бен Абай атамыздың қақтығысы туралы емес, мен өзімнің ойымнан Абай атамыздың поэзиясынан, Абай атамыздың қара сөзінен және де Абай атамыздың өмірінен қосып инсценировка жасадым. Аллаға шүкір, өте сәтті болды деп айта аламын, КБТУ-да қойғанмын оны. Сол кезде, тіпті академияда жүрген кезде, ұстазым айтатын. Ұстазым Абайды, Құнанбайды ойнаған, Абайды біраз зерттеген кісі. Мені Абайға жақын қылған сол кісі. Сол кісі айтатын «Сен Абайдың әрбір екінші поэзиясын оқитын болсаң шешеңді сі**ейін деген сөз тұрады астарында», — дейтін. Қой дейтінмін. Сіз Абайдың кітабын алыңыз да, қайтадан сондай тұрғыда оқып көріңізші, астарында сондай бар ма деп «М м (таң қалып)», — дейсіз. Ондай боқтық сөз тіпті қара сөзінде де бар. Мәселен, боқтықта емес, аяқ астынан біз неге періште бола қаламыз? Ақындардың ең көп боқтайтынын сіз де, мен де, бәрі біледі. Неге өтірік айтамыз», — деді актер.