Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы: Сами Насери ақынның өлеңін оқу эстафетасына қатысты

0
153

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

«Такси» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Геннадий Головкинге жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Танымал француз актері Сами Насери Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған эстафетаны қабыл алып, қазақтың ұлы ақынының өлеңін жатқа оқыды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сами Насериге Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын Қазақстанның Франциядағы елшісінің кеңесшісі Мұрагер Сауранбаев жолдаған. «Такси» фильмінде басты рөлді сомдаған актер ұлы ақынның «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты өлеңін француз тілінде жатқа оқып, видеосын әлеуметтік желіде жариялаған.

«Сәлем, менің атым – Сами Насери. Мен француз әртісімін. Маған эстафетаны досым Мұрагер жолдады. Енді бұл эстафетаны танымал боксшы Геннадий Головкинге, GGG-ға жолдаймын», – деді ол француз тілінде.

Еске сала кетсек, қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын ең алғаш рет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа 9 жасар Ләйлім Рысқали жолдады. Кейін мемлекет басшысы эстафетаны қабыл алып, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқыған.

Тағы оқыңыз: Абай өлеңін оқып тұрып, шаш қиған Алматы тұрғыны танымал болып шыға келді

Содан кейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған эстафетаға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, танымал әнші Димаш Құдайберген, ресейлік композитор Игорь Крутой қатысты.

Айта кетесек, 2019 жылдың мамыр айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойып, үкіметке бірқатар тапсырма берген.



sputniknews.kz