Абаев: Террористер Көк Төбе телемұнарасына шабуыл жасаған
Көптеген содырдың көзі жойылды – Дәурен Абаев
Бүгінде олардың кім екенін анықталып жатыр.
Алматыда көптеген содырдың көзі жойылды және ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz сайты
Оның айтуынша, террористер тарапынан арнайы винтовка ұстаған снайперлер болған.
«Террористер бірнеше рет орталық телевизия арқылы тікелей эфирге шықпақ болды. Екі рет шекара әскері Көк Төбе телемұнарасына жасалған шабуылға тойтарыс берді. Көптеген содырдың көзі жойылды және ұсталды, қазір олардың кім екені анықталып жатыр. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Дәурен Абаев.
Ол ҰҚШҰ сарбаздары террористердің көзін жоюға қатысып жатпағанын атап өтті.
Дәурен Ерболат
Қазақстан, митинг, тәртіпсіздіктер, содыр, арнайы операция, Қазақстан Президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары, Дәурен Абаев