«Дикий Арман» ұсталды (ВИДЕО)

0

Алматы полициясы «Дикий Арманды» қолға түсірді деп хабарлайды kznews.kz сайты Хабар24 телеарнасына сілтеме жасап.

«Қазір ғана Алматыдан қылмыс әлемінің беделдісі «Дикий Арманның» ұсталғаны туралы хабарлады. Жан-жақты мәліметті сәл кейінірек жариялауға уәде беріп отыр», — деді «Хабар 24» телеарнасының журналисі тікелей эфир барысында.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде Алматы, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысындағы жағдай қалпына келтірілгенін атап өткен еді.

«Енгізілген төтенше жағдай режимі өз нәтижесін берді. Бүкіл еліміз бойынша конституциялық заңдылық орнатылды. Бірақ террористер мемлекеттік және жеке азаматтардың дүние-мүлкіне әлі де залалын келтіріп, азаматтарға қарсы қару қолдануда», — деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.