А. Тәшенова Ж. Мамайға: Көптің алдында өтірік айтуды білесіңдер, енді көпшіліктің алдында кешірім сұрауды да біліңдер!
Бүгін Мамай мен Иманбаева Б.Байбек туралы сот жалған деп таныған материалдарды жоюдан бас тартқаны үшін маған сенім білдірушінің өтініші бойынша-мыс оларға қарсы «жаңа» әкімшілік іс қозғалды деп мәлімдеді.
Жағдайды тағы бір рет түсіндіріп өткім келеді. Маған сенім білдіруші де, сотта оның өкілі ретінде мен де Мамай мен Иманбаеваға қатысты ешқайда жүгінген жоқпыз. Бүгін борышкерлер жазған әкімшілік іс қозғау – бұл жаңа іс емес. Оны сот орындаушысы жеке өзі осыған дейін қабылданған сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету аясында іске асыруда.
Бұл сот орындаушыларының жұмысындағы қалыпты тәжірибе. Егер борышкер сот шешімін негізсіз орындамаса, мұндай жағдайда заң жүзінде сот орындаушысына әкімшілік іс жүргізу шеңберінде бірқатар құқықтар берілген. Ол үшін өтініш жазу қажет емес. Сот орындаушысы өз бастамасы бойынша жергілікті әділет органдарына жүгінеді. Ал олар әкімшілік материал әзірлеп, оны сотқа жолдайды.
Бұл туралы кез келген білікті заңгер біледі. Тек қана Мамайдың қорғаушылары мұны білмейді екен. Сот орындаушысы тарапынан қабылданып жатқан шаралар заңда тікелей көзделген. Бұл туралы әлеуметтік желілерде бірнеше рет жаздым. Тіпті одан бөлек мен іс жүзінде Мамайға, Иманбаеваға және олардың заңгерсымақтарына тегін кеңес берген болатынмын. Барлығы қатаң түрде заңда көзделген рәсімдерге сәйкес жүргізілуде. Бұл туралы заңнаманы жақсы білгендіктен мен жұртшылықты хабардар ету үшін егжей-тегжейлі жазған болатынмын.
Мамай мен Иманбаева! Маңқаларыңды ағызып, хайп пен есіруге салынудың еш қажеті жоқ! Қоғамды адастырмас бұрын, сендерге атқарушылық іс жүргізу материалдарымен тағы бір рет мұқият танысу керек.
Қорытындылай келе айтатыным – Мамай мен Иманбаеваның түсінетін уақыты келді. Заң бәріне бірдей. Сендер де барша қарапайым қазақстандықтармен бірдей азаматсыңдар, басқалармен бірдей құқықтар мен міндеттерге иесіңдер! Сот шешімін қасақана орындамау сөзсіз заңға сәйкес жауапкершілікке әкеледі. Сендерге тек сот шешімін орындау қажет, одан кейін барлық шектеу шаралары автоматты түрде алынып тасталады. Көптің алдында өтірік айтуды біледі екенсіңдер. Енді осы көпшіліктің алдында кешірім сұрауды да біліңдер! Бұл орынсыз жағдайдан барлығы да тек осындай қорытынды жасау керек.