А.Әшімов. Кино өндірісінің жаңа дәуірі басталды

0

Асанәлі Әшімов, Қазақстанның еңбек Ері:

 – Кинематография заңы қабылданды дегеніміз – кино өндірісінің жаңа дәуірі басталды деген сөз! Ұсынылған нормаларға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар фильмдердің өндірілуіне 100 пайызға дейін қаржылай қолдау алған тұлғалар, прокаттаудан түскен түсімінің 20 пайыз мөлшеріндегі қаржысын Ұлттық киноны қолдау орталығына қайтаруы тиіс. Яғни, кинематографистер мемлекеттен алған қаржының қайырын біліп, жұмсалған ақшаға аса жауапты болуды сезінеді. Ал қайтарылған сома басқа да әлеуметтік киножобаларға жұмсалатыны қуантады.