9 жасар қыз бассейнге батып кетті

0
49

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Кішкентай қыз ойын-сауық орталығындағы жағажай клубында сыныптастарымен бірге дем алған

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Бастауыш сынып оқушысы «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club жағажай клубында суға батып кетті.

«Хабар 24» телеарнасының ақпаратына сәйкес, оқиға 3 маусым, дүйсенбі күні сағат таңғы 11:30-да болған.

Тағы оқыңыз: Иттің соңынан суға секірген қызды құтқарамын деп ажал құшты

«Қыз 2010 жылы туған. Ол өзге балалармен бірге мектеп жанындағы лагерьге барған», – деп жазды телеарна.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз астанадағы №10 мектеп-гимназияда оқыған. Ол бассейнге жетекшісі және лагерьдегі өзге балалармен бірге барған. Барлығы 30 бала болыпты.

Sputnik Қазақстан тілшісіне «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы жазбаша сауал жолдау керектігін айтты. Sky Beach клубының Instagram-дағы ресми парақшасында бассейн техникалық себептермен жабылды деген жазба жарияланған.



sputniknews.kz