9 әйелді өлтірген милиционер қайтадан өмірлік түрме жазасына кесілді

0
9 әйелді өлтірген милиционер қайтадан өмірлік түрме жазасына кесілді


Новосибирск облыстық соты бұрынғы милиционер Евгений Чуплинскийді 19 әйелді өлтіргені үшін өмірлік түрме жазасына кесті. Ресейдің Жоғарғы соты алғашқы үкімнің күшін 11 қыркүйекте жойған еді.

Сот үкім шығарған уақытта қылмыс мерзімі өтіп кеткені ескерілмеген деп есептеген. Өйткені қылмыстардың бірқатары 1990-жылдары және 2000-жылдардың басында жасалған. Өмірлік түрме жазасы оған 6 наурызда шығарылған еді. Ақпанның аяғында алқа билер соты Чуплинскийді кінәлі деп таныған.

Тергеу Чуплинскийді 19 әйелді айуандықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағанын анықтаған. Ол бұл қылмыстарды 1998-2005 жылдар аралығында Новосибирск ішкі істер департаментінде жұмыс істеп жүргенде жасаған. Тергеу мәліметі бойынша, ол жезөкшелерді зорлап, одан соң оларды өлтіріп отырған.

Қолға түскен уақытта ол жасаған қылмыстарын мойындап, тергеумен келісімге отырған. Қылмыс болған орындарға барып, әйелдерді қалай өлтіргенін баяндап берген. Чуплинский психологиялық сараптамадан өткен. Дәрігерлер оның дені сау екенін анықтаған.

Бірақ 2017 жылы сәуірде ол кінәлі еместігін айтып, берген мәлімдемелерінен бас тартқан. Сотталушының әйелі мен балалары бұл қаладан көшіп кетуге мәжбүр болған.

Дереккөз: Сentralasian.org