Синтетикалық киім зиян ба?

0

Синтетикалық киім зиян ба?

Синтетикалық киімді өткен ғасырдың ортасында тігіп бастаған. Ол кезде мұндай киім стильді және заманауи деп саналды, бірақ қазір сән өзгерді. Барынша табиғи және экологиялық нәрселер трендке айналып келеді. Адамдар соңғы жылдары синтетикалық киімге қарағанда жүннен және мақтадан жасалған киімдер алуда. Синтетикалық киім шынымен де зиян ба?

Синтетикалық киім мұнай өнімдерінен, көмірден және газдан жасалады. Бірақ қайта өңдеу процесінде оларды өзгертетіндіктен, бастапқы материалдан ештеңе қалмайды. Мысалы, полиэстерді полиэфирлі талшықтан дайындайды, ал полиэфирлі талшықты мұнайдан алады. Бірақ егер өңдеу тәсілін өзгертсе, полиэфирлі талшықтан жұқа қабық немесе пластик пайда болады.

Вискозды сүректен немесе мақта сабағынан жасайды. Көбісі, вискозды синтетикалық мата деп санайды, бірақ олай емес. Егер вискоз жіпті жақса, одан ағаштың иісі шыға бастайды.

Синтетикалық киімнің артықшылығы

Киім синтетикалық қосымшасыз қазіргідей қолжетімді және ыңғайлы болмас еді:

– Синтетиканың салмағы аз. Кейде ол ұқсас табиғи матаға қарағанда бірнеше есе жеңіл болып келеді;

– Ұзақ қызмет етеді. Жасанды материалдан жасалған киім баяу тозады және түсін ұзақ сақтайды. Ол қыртыстанбайды, созылмайды және жуу кезінде кішірейіп қалмайды. 100% жүннен жасалған свитер ыстық суда құртылады, ал акрил қосылған свитер кез келген жууды көтереді;

– Синтетика жылдам кебеді;

– Жасанды материалдың бағасы арзан тұрады;

– Ірі спорттық компаниялар өте ыңғайлы, жеңіл және ауа өткізетін маталар өңдеп шығарады. Олар жоғары технологияны қолданады, сондықтан мұндай материалдар сапасы жағынан тіпті табиғи материалдан да асып түседі (бірақ олар өте қымбат тұрады).

Синтетикалық киімнің кемшіліктері

– Өндірушілер ұшатын улы компоненттер қолдануы мүмкін, олар матада мәңгілікке қалып қояды. Сондықтан мұндай киімдерді кию аллергиясы бар, демікпесі бар және тері ауруы бар адамдарға ұсынылмайды. Әсіресе, сапасыз, 100% синтетикалық мата сау адамның өзіне дерматиттің (терінің қабынуы) пайда болуына әкелуі мүмкін;

– Мұндай мата ауа жібермейді, сондықтан қатты терлетеді;

– Егер киім өте арзан және толықтай синтетикадан тұрса, өндіруші сіздің денсаулығыңыз туралы ойламаған. Оның үстіне мұндай матаны жиі улы бояумен бояйды;

– Синтетика  статикалық электрді жинайды. Әзірге ол толықтай зерттелмеген, бірақ ғалымдар денеге «жабысқақ» (электрлене жабысқан) киімді кимеуді ұсынады. Оның жүйке жүйесіне зияны болуы мүмкін.

Қорытындылай келсек, егер сіз синтетика туралы ештеңе білмесеңіз, оны таңдамаған жөн. Себебі сапалы матаны ескіден айыру қиынға соғады. Тері ауруы және демікпесі бар адамдарға синтетикалық киім кию аса қауіпті болып келеді.

Табиғи киім аса ұқыпты күтімді қажет ететіндіктен, толықтай тек табиғи киім алу да ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан, ең дұрысы – 30%-дан жоғары емес синтетикасы бар табиғи мата алу. Ал фитнеске арналған киімге ақшаны үнемдемеген жөн.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз