887 мың қазақстандық 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш берген — Қазақстан жаңалықтары

0

887 мың қазақстандық 42,500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш берді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жәрдемақы

«5 сәуірде сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге көлемінде төлем алуға 887 979 өтініш берілді. Ал 72 826 азаматқа, оның ішінде белсенді түрде тағайындалды», — деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ол бір күн ішінде түскен өтініштердің саны екі есеге өскенін атап өтті. Өтінімдерді қабылдайтын сайттар бір уақытта тек 65 мың адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

«Мен фейк туралы қайталаудан шаршамаймын. Өкінішке қарай, олар жиі пайда болады: сайттарда да, Telegram-боттарда да. Өтініш қабылдайтын немесе осы төлем үшін деректерді сұрайтын үш ресми көзі бар: egov.kz, 42500.enbek.kz және хабарламалар жіберілетін 1414. ТЖ-ға байланысты 42 500 теңге төлеуге уәде беретін басқа арналарға сенбеулеріңізді сұраймын», – деп ескертті вице-министр.

Бұған дейін аталған жәрдемақыны кімдер ала алатыны туралы хабарланды.

stan.kz