Карантинге жабылған үйде қалып қойған ақтаулық үндеу жасады

0
3

«Мен саяхатты ұнатамын, үйге тек ұйықтауға келетінмін», – деп жазады Lada.kz Павел Худяковтың сөзін келтіріп.

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Үйінің кіреберісі толықтай карантинге жабылған ақтаулық тұрғындарға үндеу жасады.

Павел Худяков толықтай жабық жерде өмір сүру қиын екенін айтты.

«Мен саяхатты ұнатамын, үйге тек ұйықтауға келетінмін», – деп жазады Lada.kz Павел Худяковтың сөзін келтіріп.

Ер адам дүрбелең жағдайды одан сайын қиындатады деп отыр.

«Біз мұның бәрін қабылдауымыз керек. Қытайдағыдай тәртіптің арқасында вирусты жеңеміз. Үйде отыру керек. Залалсыздандыру шаралары да нәтижесін береді. Қазір отбасыммен бірге уақытта жақсы өткізіп жатырмын», – деді Худяков бейнеүндеуінде.



sputniknews.kz