82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың жүрегін жаулаған ару кім — Қазақстан жаңалықтары
Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың жүрегін жаулаған Жадыра Сейдеш «КТК» арнасындағы халықтың жүрегін жаулаған «Жүрек жарды» жобасының авторы, әрі тележүргізушісі болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол Еуразия ұлттық университетінің журналистика мамандығын қызыл дипломмен тәмамдаған.
Жадыра Сейдеш еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасының ақпарат бағдарламасында тілшіліктен бастап, кейін ұлттық арнаның бағдарлама дирекциясында редакторлық қызметте еңбек етті.
Ұлттық арнада «Күтпеген кездесу» хабарын жүргізіп, «Мирас», «Сахна сыры», «Ақ шымылдық», «Шаңырақ», «Низам таразы», «Мен қазақпын» ақпараттық-танымдық, ойын-сауықтық хабарларын жүргізді.
«Шабыт» халықаралық фестивалінде лауреат атанған. Кейіннен Жадыра Сейдеш мыңдаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Жүрек жарды» бағдарламасын жүргізді. Ол жерде Асанәлі Әшімов, Тоқтар Әубәкіров, Меруерт Өтекешова және тағы да басқа танымал кісілермен сұхбаттасты. Бағдарлама аты аңызға айналған жандардың басындағы шаттығы мен мұңын, қуанышы мен өкінішін барынша ашып көрсететін.
Жадыра Сейдеш ҚР тұңғыш президенті қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығымен марапатталған.
Айта кетсек, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші әйелінің есімі – Айгүл. Олар Бибігүл Нүсіпжанова, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар атты бес бала тәрбиелеп өсірген.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың үйленгені туралы хабарлаған едік.
stan.kz