Жаңа еңбек министрі Біржан Нұрымбетов халыққа ант берді

0
52

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Біржан Нұрымбетов Бердібек Сапарбаевтың орнына еңбек министрі болып тағайындалған еді

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің кезекті отырысында Бердібек Сапарбаевтың орнына еңбек министрі болып тағайындалған Біржан Нұрымбетов ант берді.

«Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін», – деді министр.

Тағы оқыңыз: Біржан Нұрымбетов туралы не білеміз?

Айта кетсек, президент жарлығымен 20 тамызда Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін бұл министрлікті Бердібек Сапарбаев басқарған болатын. Сапарбаев үкімет басшысының орынбасары болды.

Тағы оқыңыз: Сапарбаев Елбасы айтқан екі сиырға қатысты сұраққа жауап берді

Нұрымбетов 2009-2012 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарған еді.



sputniknews.kz