8 жасар қазақстандық шахматтан халықаралық федерация директорын жеңіп кетті

0

Карим Айтжан Дана Рейзнице-Озоламен бір мезгілде өткен ойын сеансында жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Халықаралық Шахмат федерациясының (fide) басқарушы директоры Алматыда өткен рапид және блиц бойынша 2022 жылғы әлем чемпионатына келді.

Сегіз жасар Каримнің тақтасында гроссмейстер ұзақ уақыт бойы өз қимылдарын ойластырумен болды. Шахматшының айтуынша, ол жеңіске жететініне сенімді емес еді.

«Әрине, бұл ойын оңай болған жоқ. Үздік шахматшамен ойнау қиын», — деді қазақстандық.

фото: Instagram/kzchessfederation