8 наурыз күнгі ауа райы болжамы

0
228

«Қазгидромет» РМК-сы 8-наурыз күнгі ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 8 наурызда Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар жауады. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Республиканың солтүстік, солтүстік-батысында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады, түнде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Павлодар облысының бірқатар аймағында тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, түнде жел кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 23 м/с болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақмола облысында екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.

Атырау облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.