7 айлық бала жарақат алды: Павлодарлық азамат пен полиция қызметкері төбелесті — Қазақстан жаңалықтары
Павлодарда мемлекеттік қызметкерге қол көтерген азаматтың мәселесінің мән-жайы белгілі болды, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Мен төртінші қабаттан екінші қабатта тұратын ер адамның қалай погонын жұлып жатқанын көрдім. Оны жұлған егде кісі еді», — дейді оқиға куәгері.
Ал тұтқындалған жігіттің әйелі Ангелина Чепурная күйеуінің 7 айлық баламен досының үйіне сыра ішуге барғаны туралы айтады. Ол орташа дәрежеде мас болған дейді келіншек.
«Ол «Сәлеметсіз бе, жұбайыңызды алып, үйге барыңыз, сіз заңды бұзып жатырсыз» деп ескертпеді. Бізге бұрылып, «Үйге тезірек кіріңіз» деді. Бұлай дөрекі сөйлеген ешкімге ұнамайды ғой» — дейді А.Чепурная.
А.Чепурнаяның айтуынша, полиция қызметкері дөрекілік көрсетіп, қоғамдық орында мас күйінде болғанын алдыға тартқан.
«Сонымен бірге, полиция қызметкері өзін таныстырмады және өзінің жеке куәлігін көрсетпеді. Содан кейін атыс басталды. Қызметкер менің жұбайымды қолындағы жеті айлық сәбиімен итеріп жіберді. Балам қабырғаға соғылды, біз ауруханаға бардық. Менде оның басының жұмсақ тіндерінің көгергені туралы куәлік бар. Екі күн өткен соң баламыз құса бастады. Олар бізді ауруханаға жатқызғысы келді. Мен бас тарттым, өйткені менің күйеуімнің бұл жерде туыстары жоқ», — деді ол.
Ангелина қақтығыс кезінде күйеуінен жасырынуды сұрағанын, ол кетіп қалғанын айтты. Енді А.Чепурная прокуратураға шағымданбақшы. Оның айтуынша, әзірге оны бұл іс бойынша ешкім жауапқа тартпаған.
«Содан кейін әлгі адам қоңырау шалып, баламен бәрі жақсы ма деп сұрады. Ол ауруханаға баланың басының рентгенін алуға барғанын айтты. Бала үй бақылауында», — деп түйіндеді ол.
Облыстық полиция бөлімі алтыншы маусымда, сағат 19: 45-те, бәрі болған кезде, ер адам көшеде алкоголь ішіп, қаланы абаттандыру ережелерін бұзды деп сендіреді. Бұл туралы полицияға тұрғындар хабар берген.
«Оқиға орнына келген учаскелік инспектор азамат К-ға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы ескерту жасады, ол азамат К дөрекі, ұятсыз тілде сөйлеп, полиция қызметкеріне тіл тигізді. Учаскелік полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы ескертуіне қарамастан, ол билік өкілін қорлау мен итермелеуді жалғастырды», — деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
stan.kz