Ұлттық экономика министрі келешегі бар салаларды атады

0
0
Advertisement

Коронавирус індеті бизнестің кейбір салаларының жұмысын тоқтатты, ал қалғандары онлайнға көшті. Соңғысы жақын арада белсенді дамиды, деп есептейді министр

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коронавирус инфекциясы эпидемиясы аясында дамитын келешегі бар еңбек салаларын атады.

Олардың көпшілігі онлай қызметпен және қашықтықтан жұмыс істеумен байланысты.

Қазақстанда қазірдің өзінде экономиканың түрлі саласында өзгерістер болып жатыр, деп атап өтті министр.

«Біздің ойымызша, қазіргі цифрлар мен үрдістер мынадай экономикалық бағыттардың болашағы бар екенін білдіреді: ішкі туризм, онлайн-сауда, көлікпен жеткізу, транзит, IT сала, қызмет көрсету, әсіресе медициналық және білім беру қызметі», – деді Дәленов онлайн форматта өткен халықпен есеп беру кездесуінде.

Тұтастай алғанда, оның айтуынша, цифрландыру, оның ішінде қашықтықтан жұмыс істеу әдістерін қолдану Қазақстанда белсенді түрде қолданылады және экономикалық қызметтің барлық саласына енеді.

Оқи отырыңыз: Теңге бағамы қалай өзгереді – сарапшылар болжам жасады 

«Сонымен бірге, өсімнің дәстүрлі драйверлері: мұнай мен металдар өндірісі төмендейді, өйткені қазіргі жағдайда шикізат нарықтарындағы сұраныс күрт өзгеріп жатыр», – деп толықтырды ведомство басшысы.

Агроөнеркәсіп кешені мен азық-түлік өндірісі үлкен әлеуетке ие. Дәленов бұл сала қазақстандықтарды «орасан зор жұмыспен» қамтамасыз ете алады деп сендірді.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз