6-қабаттан құлап кеткен сәби көршісі жұмысқа мотоциклмен кеткені үшін аман қалды — Қазақстан жаңалықтары
АҚШ-тың Редмонд қаласында сәби алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетіп, аман қалды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KIRO-TV порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 10 сәуірде орын алған. Полиция мәліметінше, 1 жас 8 айлық бала жатын бөлмеде жалғыз өзі болған. Бұл кезде анасы, ағасы мен әпкесі басқа бөлмеде жүрген екен.
«Терезе ашық болды. Анасы бөлменің ауасын тазартпақ болған шығар», — дейді полицей.
Сәби үйдің алдында тұрған көліктің үстіне құлаған. Көліктің иесі Эд Лу таңертең жұмысына мотоциклмен кетіп, көлігін үйдің ауласында қалдырып кеткенін айтады.
«Бүгін жұмысқа мотоциклмен кеткенім үшін бәріміздің жолымыз болды», — дейді Лу.
Дәрігерлер сәбиге көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.
stan.kz