Студент қайтыс болды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Америкалық студент 12 метрлік мұнарадан құлап, көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. 22 жастағы студент университет бітіруге бірнеше апта қалғанда оқу орнының мұнарасына шығып, селфи жасамақ болған. Алайда ол мұнараның төбесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды New York Post.

Сидни Монфрис Нью-Йорктің әсем көрінісін суретке түсіру үшін Фордем университетінің 12 метрлік мұнарасына шыққан. Ол таңертең достарымен бірге тар баспалдақпен мұнараның төбесіне шыққан. Әлеуметтік желіге фото жасаған кезде құлап, мерт болды.

Құтқарушылар қызды мұнараның төбесіне әрең алып шыққан. Сидни алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Бірнеше сағат бойы жанында ата-анасы болған.

Сидни журналистика мамандығында оқыған. Мамыр айында диплом алуы тиіс болатын. Университет өкілдері қызға өлгеннен соң бакалавр дипломын беруді шешкен.



sputniknews.kz