«59 адамның жағдайы аса ауыр»: Біртанов елдегі қазіргі жағдай туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Брифингте министр Қазақстандағы коронавирус жұқтырғандардың қазіргі жағдайы туралы жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде карантин жағдайы жеңілдетілгенімен, вирус жұқтырғандар саны артып келеді. Денсаулық сақтау министрі қазіргі таңда бұл инфекцияның екінші толқыны жүріп жатқанын айтып өтті. 

«Бүгінгі күні вирус жұқтырған 12 мыңнан астам пациент тіркелді, олардың басым көпшілігі (77%) ауруды жеңіл асимптоматикалық түрде өткеруде», — дейді Біртанов. 

48 науқастан көз жазып қалғанымен, ауырғандардың көп бөлігінде вирус симптомдары байқалмайды, ауру жеңіл өтуде деп баса назарға алып айтты министр. Біртановтың сөзінше елімізде емделгендердің де пайыздық көрсеткіші жаман емес.  

«Сонымен бірге 52% -ы емделді, оның ішінде қазір таңда 5836 пациент ауыруханада емделуде, олардың 59-ы ауыр жағдайда, бұл 1% құрайды. Орташа және ауыр жағдайдағылар шамамен 10%, жеңіл жағдайлар — 10%. Қалған шамамен 4,5 мың адамда ешқандай ауру белгісі жоқ», — дейді министр. 

 

stan.kz