Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны мамырда басталып кетті – Біртанов – Қазақстан жаңалықтары

0
10

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны мамыр айында басталып кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Қазақстанда коронавирустың бірінші толқыны өтіп кетті: індеттің өршуі сәуірдің екінші жартысында болды. Содан кейін ауру жұқтырғандардың саны азая бастады. Мамырдың ортасына қарай ахуал қайта жандана бастады. Осы кезде аурудың екінші толқыны басталған еді»,  – деді министр.

Бұған қоса ол індеттің екінші толқыны келе жатыр деп айтқан сарапшылардың пікірін мысалға келтірді. Сөзінше, келесі жолы коронавирус тұмау эпидемиясы мен ауыр вирустық инфекциялар таралатын қыркүйек айымен тұспа-тұс келуі мүмкін екен.

«Біз үйреншікті аурулармен қоса, басқа да аурулардың, мәселен коронавирустың таралуын жоққа шығармаймыз», – деп қосты Біртанов.

Еске салайық, бұған дейін министр қайтыс болған науқастардың қаншасы коронавирустан көз жұмғандар қатарына қосылмағаны жайлы айтқан еді.


Біртанов карантин кезінде қазақстандықтарды митингке шықпай қоя тұруға шақырды

stan.kz