53 жасқа толған Бақыт Шадаева сұлулығымен көпшілікті тамсандырды
Жақында 53 жасқа толған отандық әнші Бақыт Шадаева сұлулығымен көпшілікті тамсандырды. Желі қолданушылары өнер иесінен жас көрінуінің құпиясын сұраған, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Өнер иесі 12 қаңтар күні жаңа жасын тойлаған. Шадаева өзінен 53 жасты қалай сезінгенін сұрағандарға Instagram желісінде жауап берді. «Менен «53-ке келген қалай екен?»деп сұрайтындарға «сол баяғыдай» деп жауап беремін. Негізгі бұл өмір бір-ақ рет берілгендіктен, өмірді мүмкіндігінше көңілді, әсем сүру керек. Күліп оянып, жақсы көңіл-күймен жату керек. Жақсылық болсын», — деді Бақыт Шадаева.
Алайда желі қолданушылары әншінің жас көрінетінін айтып, пікір қалдырды. «Сұлусыз», «Ниеті таза адам әрдайым жас көрінеді», «35 жаста секілдісіз», «Уақыт сіздің сұлулығыңызды ұрлай алмапты», «Қандай әдемісіз», «Сұлулығыңыздың құпиясы неде?», — деп жазды желідегілер.