«Соңғы тиынына дейін төлейтін болады» — Қазақстанмен он жыл бойы соттасқан миллионер мәлімдеме жасады

0
30

Он жылдан бері Қазақстанмен соттасып келе жатқан белгілі Молдова кәсіпкері Габриэль Стати бірде-бір сот Қазақстанның дәлелдерін мойындамағанын айтады.

statiholding.md сайты молдовалық кәсіпкер Габриэль Статидің «Қазақстан Республикасы төреліктің шешімі бойынша соңғы центке дейін төлейді» деген мәлімдемесін жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, Анатолий Стати мен оның ұлы Габриэль 2000 жылы Қазақстанның мұнай-газ секторына инвестиция салған болатын. Бірақ олардың айтуынша, Мемлекет Маңғыстау облысындағы мұнай кен орындарын заңсыз тартып алған.  2010 жылы олар Қазақстанға қарсы сот ісін қозғады.  Швецияның төрелік Сотынан Қазақстаннан 4 миллиард доллар талап еткенімен, 2013 жылдың желтоқсанында трибунал Статиге және олардың Ascom Group және Terra Raf Trans Trading компанияларына мәлімделген залалдың орнын толтыру үшін шамамен 500 миллион доллар берді. Өз кезегінде Қазақстан өтемақы төлеуден бас тартты.

Фото:statiholding.md

Ақпарат: http://Orda.kz