50-ге келген Меруерт Түсіпбаева тик-токта би билеп жүр
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева тик-токта би билеп жүр. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Қанағатшыл адаммы… Арман болған – «Қайраткерімді» — 2014 жылы алғанмын. Сол жеткілікті! Рақмет, халқыма… Осы атаққа лайық болып жүрсем, бір бақыт! Бүгін қуанышқа бөленіп жатқан бар достарымды шын жүректен құттықтап, алғашқы тиктогымды, сыйлық ретінде ұсынамын! Оцените, 19 рет киім ауыстырдым», — деп жазды әнші.