Өзбектер мен қырғыздар қан-жоса төбелесті (видео)

0

Мәскеуде WEF лигасының аралас жекпе-жектен іріктеу турнирі жаппай қырғынмен аяқталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Іріктеу кездесулерінің бірінде жеңіске жеткен Өзбекстан өкілі Намазан Самиев кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Залдан қарсылас табылған кезде ұйымдастырушылар көз түйістіру жекпе-жегін өткізуді ұсынды. Оның барысында Самиев күтпеген жерден әлеуетті қарсыласының басынан тізесімен соққы жасады.

Осындай спортқа жат қылықтардан кейін торға 50-ге жуық адам жүгіріп кіріп, өзбекстандық спортшыға шабуыл жасаған, содан кейін жаппай төбелес басталған.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.