5-7 қазан күндері қар жауып, күн суытады
5-7 қазан аралығында ел аумағында ауа райы суытады, деп хабарлайды kznews.kz сайты «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік- батыс антициклонның ықпалында болады.
Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты болады.
Сондықтан мұнда жаңбыр мен қар жауады. 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі.
Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі.
Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы — 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта — 5-10 аязға дейін, шығыста — 3-11 аязға дейін төмендейді.
Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.