Қазақстандық егіз қыз «Түркия дауысы» жобасында әділқазыларды таңғалдырды (видео)

0
Қазақстандық жас әншілер Аяна және Диана Тайбекова «Түркия дауысы» (O Ses Türkiye) жобасына қатысып, қазылар алқасын нәзік дауыстарымен таңғалдырды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі.

Көрмей тыңдау кезеңінде егіз қыз Jessie J-дің Price Tag әнін айтты. Жобадағы төрт тәлімгердің барлығы оларға бұрылды. 22 жастағы қыздар түрік әншісі Мұрат Боздың тобын таңдады.

Қазір апалы-сіңлілер Антальяда, ал отбасы Қазақстанда тұрады. Диана туризм саласында төрт жылдан бері, Аяна 7 айдан бері жұмыс істейтін көрінеді.

«Мен демалып жатқанда Аяна хабарласып, кастингке келуімді сұрады. Басында қарсы болдым. Ән айтқанды жақсы көремін, бірақ менің дауысымды жақындарымнан басқа ешкім тыңдамаған. Кастингтен кейін бізге жауабын айту үшін хабарласатындарын жеткізді. Содан Аянаға бізге ешкім хабарласпайтынын айтумен болдым. Бірақ ол біздің өтетінімізге сенімді болды. Осылайша жобаға келдік», — дейді Диана.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тұран колледжін туризм менеджері мамандығы бойынша бітірген олар Түркияға төрт жыл бұрын келгендерін айтады. Өнерпаздар еліміздегі X-Factor, Қазақстан дауысы жобаларына қатысқан.

https://www.youtube.com/watch?v=Y-6slEQEPsU