462 қызмет түрін онлайн режимде алуға болады – ААҮ

0

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осы жылдың 12 айында Алматы қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалы бір терезе қағидаты бойынша тұрғындарға 3 млн 621 қызмет көрсетілген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаев Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Филиал директорының айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» сапалы қызмет көрсету жолында жиырмадан астам мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс істеуде.

«Қазір 462 қызмет түрін онлайн режимде алуға болады. Осы жылдың 12 айында Алматы қаласында бір терезе қағидаты бойынша тұрғындарға 3 млн 621 қызмет көрсетілген. Оның ішінде, электронды түрдегі қызмет түрінің үлесі 1 млн 462. Біздің басты мақсатымыз – барлық қызмет түрін электронды форматта жасау», -дейді ол.

Директордың орынбасары Сабина Тауанның айтуынша, мемлекет азаматтардың электронды қызмет түрін алғанын қалайды және оған барлық жағдай жасалуда екен.

«Мәселен бала туа салысымен оны онлайн тіркеуге болады. Сондай-ақ көптеген қызмет түрін онлайн түрде алуға мүмкіндік жасалуда. Халыққа қызмет көрсету орталықтарын цифрландыру жүріп жатыр, яғни адамдар қажетті қызметті өз бетінше ала алады», -дейді ол.

Сонымен қатар, ол жеке куәлікті рәсімдеуді жеңілдету бағытында да көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

«Енді жеке куәлікті рәсімдеу үшін ХҚО-ға келудің қажеті жоқ, оны үйде отырып онлайн түрде рәсімдеп, өзіңізге ұнаған фотосымен жіберуге болады. Орталыққа тек ол дайын болғанда ғана келесіз. Алайда, біз ешкімді онлайн түрде қызмет ал деп мәжбүрлемейміз, ол тұрғындардың өз еркімен жасалатын дүние. Біз тек жұмыс барысын жеңілдетуге тырысудамыз», -дейді С. Тауан.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ