«Ихиядан ғибрат» кітабы оқырманға жол тартты

0

Жуырда «Жедел басу» баспаханасынан белгілі дінтанушы Тұрар Әбуовтың жинақтауымен  «Ихиядан ғибрат» атты хикаялар мен өсиет сөздер жинағы оқырманға жол тартты.

Бұл еңбекте әйгілі ғалым  Имам Ғазалидің «Ихия-у Улумиддин» (Дін ғылымдарының (қайта) жандануы) кітабының екінші томы болып саналатын «Рубғул-Адат» күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты пайғамбарлар мен сахабалар, табиғиндер, әулиелер мен ғұламалардың өмірі мен іс-әрекеттері жайындағы тағылымды хикаялары бірінші бөлімінде жинақталып берілген. Имам Ғазали келтірген хикаялар имандылыққа, сабырлылыққа, мейірімділікке, адалдыққа, өмір жолындағы қиындықтарды жеңе білуге үндейді.

Ал екінші бөлімінде ғалымның күнделікті тамақтану, қонақ күту, неке, кәсіп, сауда, халал мен харам, достық,  адамдармен қарым-қатынас, туысқандық және басқа да әдептерге қатысты өсиет сөздері келтірілген. Еңбек оқырманның ойын толқытып, рухын сергітері сөзсіз.

Кітап Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің дінтану сарптамасының оң қорытындысын алған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/