4-тоқсанда балалардың мектепке баруына рұқсат етілді

Сурет: klimkin
Елімізде 4-тоқсанда оқушылардың мектеп қабырғасында білім алуына рұқсат берілді.
Бас санитардың жаңа қаулысына сәйкес, тек оқушы саны бір сыныпта 25-тен артық болмауы тиіс. Бұл республикадағы контингенті 300 оқушыға дейін барлық қалалық және ауылдық мектептерге қатысты.
Сондай-ақ, білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімімен сабақтан тыс уақытта 15 оқушыдан аспайтын жеке топтарды да оқытуға рұқсат етілген. Алайда, бұл — тек жасыл және сары аймақтағы өңірлер үшін шығарылған шешім.
Мектеп бітіруші 9 және 11 сыныптар аптаның 6 күнінде пәндердің 30%-ын қашықтан оқиды. Оқушылар үшін биылғы көктемгі демалыс 31 наурызға дейін жалғасады. 4-тоқсан 1 сәуірде басталады.