4 қаңтар: Ақтаудағы «Ынтымақ» алаңында не болып жатыр (видео)

0

Ынтымақ алаңында Маңғыстауда газ құнын 50 теңгеге дейін төмендетуді талап еткен митинг жалғасуда. Адамдар алаңда тұр, деп хабарлайды kznews.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінің алдындағы орталық жолға орнатылған киіз үйдің жанында наразылық шерулері болып жатыр. Оқиға орнында тәртіп сақшылары да жүр. Жол жабық.

Наразылық білдірушілердің айтуынша, кейбір кәсіпкерлер халыққа ыстық сусындар мен тамақ берген.