Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

0
711

Ақтауда оқиға куәгерлері 32 ықшам  аудандағы «Шаңырақ» тұрғын үй кешенінің жанынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Lada.kz редакциясына 32 шағын ауданда, «Шаңырақ» тұрғын үй кешені ғимаратының маңынан ер адамның мәйіті табылды деген хабар келіп түсті.

«Мүмкін оны біреу танитын немесе іздеп жүрген шығар», — дейді куәгерлер.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамның мәйіті қаңтардың 3-інен 4-іне қараған түні табылған.

Редакция түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне жүгінді. Бірақ ведомство ер адамның қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.