Қазақстанның 4 облысында 15 блокпост қойылады

0

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда жасалып жатқан шаралар жайлы тоқталды.

«Министрлік бұрынғы режимде елдегі тәртіпті қадағалап, денсаулық сақтау органдарына шектеу шараларын сақтауда көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі күні санитарлық инспекторлардың шешімдері негізінде кейбір аймақтарда 15 бақылау бекеттері құрылды.

Алматы облысында тоғыз, Костанайда төртеу, Ақтөбеде екеу және Атырау облысында төрт блок-бекет бар. Карантиндік шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қатысады. 290 карантиндік нысандар қоршауға алынды», — деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Алексей Цой Қазақстанда 1 ақпаннан жаппай вакцинациялау басталатынын айтты.